АҚШ президенті Дональд Трамп 22 қазанда Ресей президенті Владимир Путинмен болашақ кездесу өткізу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Америка басшысы НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуінен кейін Ақ үйде журналистерге айтты.
«Біз президент Путинмен кездесуді кейінге қалдырдық», — деді АҚШ президенті.
«Маған бұл дұрыс болмайтындай көрінді. Бізге керек нәрсеге қол жеткізе алмайтын секілдіміз. Сондықтан мен оны тоқтаттым. Бірақ біз оны болашақта өткіземіз», — деп қосты Трамп.
Қазан айының ортасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Аляскадағы саммиттен кейін алғаш рет телефон арқылы сөйлесті.
Кейінірек ол әңгіме аяқталғанын және «нәтижелі» болғанын жазды. Америка президентінің айтуынша, Путин бейбіт келісім жасау идеясына қарсы емес. Трамп тараптар Будапеште жеке кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.