Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия президенті Александр Стубб Ұлттық музейге барды.
«
Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттері ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтармен танысты. Мемлекет басшылары Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрген», — деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, кеше, 28 қазан күні Қазақстанға Финляндия президенті Александр Стубб ресми сапармен келген болатын.
