Бүгін Ақордадағы келіссөздерден кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия президенті Александр Стубб екі елдің бизнес форумына қатысты.
Ақорда жазғандай, Тоқаев өз сөзінде бірнеше негізгі дүниелерге назар аудартқан.
«Финляндия – халқымыз өте жақсы білетін ел әрі Қазақстанның стратегиялық деңгейдегі аса маңызды серіктесі. Бүгін Президент Александр Стуббпен жүргізген келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы серіктестікті кеңейтуге және дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге ниетті екен растады. Былтыр Финляндияның Қазақстанға құйған тікелей инвестициясы 80 пайыздан асып, жарты миллиард долларға жуықтады», — деген Тоқаев.
Президенттің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда фин тарапының үлесі бар 50-ге жуық компания табысты жұмыс істейді.
«Олардың арасында Tikkurila, Wärtsilä, Nurminen, Metso, Valtra, Peikko және басқа да әлемге танымал брендтер бар. Қазақстан осы серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ еліміздегі фин инвестициясының және іскерлік тобының артуына бейіл»,- дейді Тоқаев.
