Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап.
Тоқаев Кэтрин Конноллидің басшылығымен Ирландия дамудың даңғыл жолын жалғастыратынына сенім білдірді.
«Астана мен Дублин арасында шынайы достық пен өзара қолдауға арқа сүйеген ұзақмерзімді серіктестік орнаған. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен бірлесіп күш-жігер жұмсауға дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.
