STEPPENEWS.KZ: Балалар жазушысы әрі әдебиет сыншысы Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай ҚЖО жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің төрағасы қызметінен алынды.
Бұл туралы ол өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді. Жазушының айтуынша, екі аптадай елден жырақ сапарда жүрген кезінде Қазақстан Жазушылар Одағының Төрағасы Мереке Құлкенов оны ТІЛ мәселесіне қатысты жазбалары үшін қызметінен босатқан. Сонымен қатар кеңестегі тағы екі әріптесіне де «орнын босатсын» деген талап қойылған. Елдос Тоқтарбай бұл шешімді сөз бостандығына, шығармашылық еркіндікке қысым ретінде қабылдайтынын жеткізді. Оның пікірінше, тіл туралы ой айту — жазушының азаматтық әрі кәсіби міндеті.

