STEPPENEWS.KZ: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен құзырлы органдар шиеленіс аймағындағы отандастарымызды елге қайтару операциясын жүзеге асыруда. Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді түрде жүргізіліп жатыр.
Құтқару жұмыстары басталғалы бері отандық және шетелдік әуе тасымалдаушыларының қатысуымен барлығы 12 рейс ұйымдастырылды. Соңғы мәліметтер бойынша, аталған ұшақтармен 3300-ден астам отандасымыз қауіпті аймақтан шығарылды.
Қазіргі уақытта дипломаттар өңірдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыс орнатып, қажетті көмек көрсетуді жалғастыруда. Қақтығыс аймағынан халықты эвакуациялау жұмыстары әлі де бақылауда тұр.

