STEPPENEWS.KZ: 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 11 әуе рейсі орындалды. Ұшақтармен елге 1786 жолаушы қайтып келді.
Рейстерді Air Astana, SCAT Airlines, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары жүзеге асырды.
8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушылары азаматтарды елге жеткізу үшін тағы бірнеше рейс орындауды жоспарлап отыр.
Жалпы 3 наурыздан бері Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 37 рейс орындалып, 6254 адам елге оралды.

