Шоумен, актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйеліне жазған қорлау хаттары желіге шыққаннан кейін, қазақстандық танымал тұлғалар жаппай пікір білдіре бастады.
Оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы актердің өзіне ауыр сөздер айтып қана қоймай, әулетіне дейін тіл тигізгенін айтқан.
«Ажырасқалы осы 1 жыл 8 ай ішінде, балаларым үшін, балаларымның әкесі деп қарап, намысына тиетін сөз, артық әңгімені айтпадым, тіпті жауап бермеймін, өзі бастап жазып, өзі аяқтайды. Барлығын бір Аллаға тапсырдым деп жүре беріппін. Бірақ менің үндемегенімді ол “әлсіздік” деп қабылдаған сияқты. Менің жеке басыма ғана тиіспей, өзінің туған балаларына, менің әке-шешеме, әулетіме тіл тигізіп, қатты шектен шығып жатыр. Қаншама рет жала жапты, өтірік «левый» аккаунттармен өзіне жазып, соны халыққа шығарып мені жамандауын қояр емес. Халық болып бір ауыздан аты өшетіндей, бойкот жариялағым келеді. Барлықтарыңыздың қолдауларыңыз мен үшін маңызды», — деп жазды Фариза Алмасқызы.
Осылай деген ол Нұрсұлтан Жақсыгеннің өте әдепсіз хаттарын көрсетті.
«Он бала тапсаң да қадірің жоқ», «аулақ жүріңдер, сығандар», «надан етіп тәрбиелеген әке-шешеңе рахмет», «балаларды көрмей-ақ қойдым», «қазір заң сатылады, өзім шешіп аламын», «қыздығыңды алған мен ғой, бастысы», «донерка» ашсам, әкеңді жұмысқа алам, шешеңді кассир қылам, саған «уборка» жасатам», «жалынып келетін күн туар», — деп жазған актер.
Осыдан кейін желі қолданушылары Фариза Алмасқызына қолдау білдіріп, пікірлер қалдырды.
Белгілі журналист Руслан Өтепбай әрдайым көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді.
«Таяуда Қытайға бардым. Сол сапарда Фариза қарындасымды көрдім. Таңмен таласып тұрып, өзге елде сауда жасап, адал еңбегімен күнін көріп жүр. Ол тек қара басының қамы үшін емес, үйде қалған екі ұлы, абыройы мен ары үшін еңбектенуде. Сондықтан желіде тараған жалған айыптаулар сенің сағыңды сындырмасын, қарындасым! Көмек те, қолдау да керек болса- ағаң әрқашан дайын», — деді ол.
Нұрсұлтан Жақсыгеннің үзеңгілесі Мереке Қалбаева әріптесі үшін ұялып отырғанын айтты.
«Нұрс үшін мен ұялып тұрмын, неге майдаланып кетті кейбір ерлер… Сөзім жоқ», — деді ол.
«Қайрат» ФК жұлдызды қақпашысы Темірлан Анарбеков: «мына тақырып жайлы айтпай өтпесең болмайтын сияқты. Недеген надандық, қалай жер басып жүруге болады мынадан кейін»,- деп жазды әлеуметтік желіде. Блогер Әсер Асқар: «Масқара ғой, мынаның сөзі. Туған балаларының анасын қалай қорлауға болады. Бір күнгісімен өмір сүріп жатыр, ертең ұлдары өскенде әкесінің бұл әрекетін кешірмейді, анасының көз жасын ұмытпайды», — деп пікір қалдырды.
Фариза Алмасқызының парақшасындағы жазбаға 15 мың адам пікір жазып, қолдау білдірді. Ал Нұрсұлтан Жақсыген желіде «өмірінің керемет сәттерін» көрсетіп, оқырмандарға қаралым көтеріп бергені үшін алғыс айтқан. Осылайша шоумен мыңдаған қазақстандықтың пікіріне пысқырмайтынын көрсетті. Арасында Қытайдан тауар тасып сатып, шағын кәсіп жасап жүрген экс-әйелін «арзан пижама сатамын» деп мазақ етуді де ұмытпаған.
Айта кетсек, Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Алмасқызы отбасын құрып, екі балалы болғанда шағында ажырасып кетті. Кейін Нұрсұлтан Жақсыген сұхбаттарының бірінде әйеліне хабарласып, кешірім сұрағаны хабарланған. Алайда, Фариза Алмазқызы экс-күйеуін кешіргенін, бірақ енді қайтып қосылмайтынын айтқан. Актердің экс-жұбайы Нұрсұлтан Жақсыгеннің балаларына алимент төлемейтінін айтты.

