Ұлттық банк қазан айында Қор биржасында Ұлттық қордан 660 млн доллар сатылғанын мәлімдеді.
Ұлттық банк сондай-ақ бұл қаражат қайда жұмсалатынын түсіндірген.
«Қазан айында Ұлттық қордан 660 млн доллар сатылды. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттер бөлу және «Талдықорған–Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысына жұмсалды», — деп хабарлады Ұлттық банк.
Бұған дейін қазан айында теңге 3,5 пайызға нығайғаны хабарланған еді.

