STEPPENEWS.KZ: 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы құлады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, экипаж дер кезінде катапульт жасап үлгерген. Екі ұшқыш та аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына ешқандай қауіп тіркелген жоқ.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін ҚР Қорғаныс министрлігі Авиациялық қауіпсіздік департаменті басшысының жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына авиация саласының білікті мамандары енгізілді.
Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

