Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишим ауылында оқыс оқиға болды. Оның барысы әлеуметтік желіде жарияланды.
Оқиғаның мән-жайы
Қазнетте таралған кадрларда ауыл тұрғыны мас күйінде өзі-өзіне пышақ жарақатын салғаны және жартылай жалаңаш күйде көшеге шығып кеткені көрінеді. Біршама уақыттан кейін 41 жастағы ер адамды полиция қызметкерлері қолға түсірді.
Ол қарсылық көрсетпегенімен, үнемі өзіне «шайтан» кіргенін және оны өлтірмек ниетінде екенін айқайлап айтып жүр.
«Мен оны табамын. Мен оны өлтірмекпін. Ол мені… далаға шығарды», — деп айғайлады ер адам.
Полиция не дейді
Полиция қызметкерлері ауыл тұрғынын дәрігерлерге тапсырды. Тексеру барысында оның жарақаттары алкогольдік маскүнемдік жағдайында өз-өзін жарақаттағаннан туындағаны анықталды.
«Полиция қызметкерлері оның жедел ауруханаға жатқызылуына жәрдемдесті. Тексеру нәтижелері бойынша материал тіркеліп, номенклатуралық іске тіркелді», — деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
