«СҚ-Фармация» компаниясына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Женіс Елемесов мәлім етті, .
«Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге деректерді жариялай алмаймын», – деді Елемесов Сенат кулуарында.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура «СК-Фармация» компаниясына қатысты тергеу бастаған еді.