Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда өртенген жеке үйден екі адамның мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жеке үйдегі өрт салдарынан екі адам қаза тапты.

Каменный Брод ауылындағы тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментіне 17 қазан күні сағат 15:30-да келіп түскен.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге № 7 өрт сөндіру бөлімінің төрт қызметкері жұмылдырылып, екі техника тартылды.

Басылымның мәліметінше, өртенген үйден екі адамның денесі шығарылған. Мамандар өлімнің мән-жайын анықтап жатыр.

Добавить комментарий