Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жеке үйдегі өрт салдарынан екі адам қаза тапты.
Каменный Брод ауылындағы тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментіне 17 қазан күні сағат 15:30-да келіп түскен.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге № 7 өрт сөндіру бөлімінің төрт қызметкері жұмылдырылып, екі техника тартылды.
Басылымның мәліметінше, өртенген үйден екі адамның денесі шығарылған. Мамандар өлімнің мән-жайын анықтап жатыр.