STEPPENEWS.KZ: Қалалық полиция департаменті заңсыз миграция арналарының жолын кесу және адам саудасының алдын алу мақсатында ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Тексеру кезінде жергілікті кәсіпкерлік нысандарының бірінде рұқсаты жоқ 20 шетел азаматының еңбек етіп жүргені белгілі болды.
Бұл заң бұзушылықтарға байланысты шетелдік азаматтардың үстінен жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар заңсыз жұмыс күшін пайдаланған кәсіпкерлік нысанының басшысы да тиісті жауапкершілікке тартылды.
Жалпы рейд барысында ел аумағына кіру, шығу және болу қағидаларын бұзудың 100-ден астам дерегі тіркеліп, әрқайсысы бойынша заңнамалық шаралар қабылданды. Тәртіп сақшылары жұмыс берушілер мен шетелдік қонақтарға көші-қон заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін, талаптарды бұзу заң алдында жауап бергізетінін ескертеді.

