STEPPENEWS.KZ: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеуніктің ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Ал облыс әкімдігі мұндай мәліметтің жоқ екенін айтып, оның денсаулығына байланысты демалыста жүргенін мәлімдеген еді.

