STEPPENEWS.KZ: Ақмола облысының ауруханаларында Щучинскіде болған өрттен зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды. Дәрігерлер бірнеше күн бойы олардың өмірін сақтау үшін күресті.
«Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Щучинскіде болған жарылыс кезінде ауыр жарақат алған тағы екі науқас қайтыс болды. 8 наурызда «Авиценна-Бурабай» стационарының реанимациясында науқас көз жұмды, ал 9 наурызда Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханада емделіп жатқан науқас әйел дүниеден озды», — деді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.
Ол сонымен қатар дәрігерлер қалған зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін әлі де күресіп жатқанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 27 ақпан түнде Щучинскіде «Центр плова» кафесінде жарылыс болып, 11 адам қаза тапқан болатын. Бұған дейін екі адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған еді.

