STEPPENEWS.KZ: Ресейдің қос республикасында толассыз жауған жаңбыр салдарынан табиғи апат орын алды. Қазіргі уақытта ондаған мың тұрғын жарықсыз қалып, аймақтарда Төтенше Жағдай режимі енгізілді.
Махачкалада ондаған үйді су басып, құтқарушылар тұрғындарды шұғыл эвакуациялауда. Дербентте өзендер арнасынан шығып, жолдарды шайып кеткен, тіпті су ағыны жеңіл көліктерді аударып тастаған. Ал Хасавюртте теміржол көпірі қирап, пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Шешенстанның Гудермес ауданында да өзен тасып, жергілікті халық қауіпсіз жерге көшірілді.
Метеорологтардың айтуынша, бұл апатқа Оңтүстік Кавказ бен Түркиядан келген қуатты циклон себеп болған. Таудағы қардың еруі жауын-шашын зардаптарын одан сайын күшейтіп жіберді.

