Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заң мен оған ілеспе заңдарға Сенат енгізген түзетулермен келісті.
Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляева хабарлағандай, Сенат 16 түзету енгізген. Олардың арасында ешбір түзету Мәжіліс қабылдаған заңдардың мазмұнын өзгертпейді.
«Түзетулердің бәрі редакциялық және нақтыланған сипатқа ие. Осы түзетулер құқықтық қолдануға әсер етпейтіндіктен, Парламент Сенаты ұсынған өзгертулер мен толықтыруларға келісуге болады деп санаймыз», — деді ол.
