STEPPENEWS.KZ: Қаладағы қоқыс контейнерлерінің бірінен орамалға оралған сәбидің жансыз денесі табылып, полиция шұғыл іздестіру шараларын жүргізді. Тәртіп сақшылары нәрестені үйде босанған 20 жастағы келіншек пен денені далаға шығарып тастаған қала тұрғынын анықтады.
Бойжеткеннің сөзіне қарағанда, бала дүниеге келгенде ешқандай тіршілік белгілері болмаған. Абай облыстық ПД өкілдері бұл оқиғаға қатысты:
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәресте денесі сараптамаға жіберілді, соның қорытындысы бойынша оқиғаға қатысушы екі адамның да іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, процестік шешім қабылданады», — деп мәлімдеді.

