Семей қаласындағы Абай көшесінде жер үй өртеніп, өрт сөндірушілер бір ересек адамды және 4 баланы құтқарды.
ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, балалар сіріңке жағып ойнап, өз бөлмелеріндегі ойыншық пен төсектерді өртеп алған.
«Оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер балалардың бөлмесі өртеніп жатқанын көрген. Олар бір ересек адам мен 4 баланы құтқарды. Балалар отпен ойнап отырып, өрт шығарып алған», — деп хабарлайды ТЖМ.