STEPPENEWS.KZ: Германияда өтіп жатқан халықаралық турнирде шахмат әлемінің жарық жұлдызы, 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен мен 18 жастағы қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман арасында қызықты әрі даулы жағдай орын алды. Партия басталар алдында Алуа Нұрман норвегиялық гроссмейстерге бірге суретке түсу туралы ұсыныс тастаған.
Карлсен суретке түсуге келісімін бергенімен, селфиден кейін бірден төрешілерге барып шағымданған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаларға сүйенсек, Магнус төрешілерге бірдеңе айтып түсіндіреді, содан соң ұйымдастырушылар қазақстандық шахматшының телефонын алып қояды.
Бұл жағдай шахмат ережелеріне байланысты туындаған болуы мүмкін.

