STEPPENEWS.KZ: 19 жастағы Софья Самоделкина 2026 жылғы Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында жарқын бастама жасады. Қысқа бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 68,47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты әрі маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті.
Өз өнерін көрсеткен сәтте ол үшінші орында тұрған еді. Алайда барлық қатысушылардың нәтижесі шыққаннан кейін 12-орынға тұрақтады. Көш басына жапониялық Ами Накаи мен Каори Сакамото, сондай-ақ америкалық Алиса Лиу шықты.
Еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді. Жүлделер үшін 24 үздік мәнерлеп сырғанаушы бақ сынайды.

