STEPPENEWS.KZ: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы, Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарындағы бірнеше маңызды бағыттарды жауып тастады. Атап айтқанда, Астана – Алматы және Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы трассаларының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жол қызметтері аталған бағыттарды 15 ақпан таңғы сағат 7:00 мен 8:00 аралығында қайта ашуды жоспарлап отыр. Мамандар жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райы оңалғанша алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

