STEPPENEWS.KZ: Тәжікстан үкіметі Ресей аумағындағы мектепте қаза тапқан 10 жастағы Қобилжон Әлиевтің анасына жаңа пәтер берді. Бұл туралы отбасының туыстары хабарлады.
22 желтоқсанда марқұм баланың жақындарына мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері келіп, көңіл айтып, биліктің тұрғын үй бөлу туралы шешімін ресми түрде жеткізген.
Сондай-ақ, туыстары отбасының қосымша қаржылай көмекке мұқтаж еместігін, барлық қайырымдылық жинақтарының тоқтатылғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін баланың денесі әкетілген үйдің қақпасы әлі күнге дейін жабылмаған. Елдің әр өңірінен тұрғындар келіп, қаза тапқан баланың отбасына қолдау білдіріп, қайғысына ортақтасып жатыр.
Еске салсақ, 16 желтоқсанда Мәскеу облысының Одинцов ауданына қарасты Горки-2 елді мекенінде қайғылы оқиға орын алды. Мектеп ғимаратында оқушылардың бірі пышақпен 10 жастағы Тәжікстан азаматы Қобилжон (Qobiljon) Әлиевті өлтірген.

