STEPPPENEWS.KZ: Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дерегіне сәйкес, ел ішінде және шетелде дауыс беруге 9 127 192 адам қатысқан. Бұл – сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 73,12 пайызы.
Қатысушылардың басым бөлігі жаңа Конституция жобасын қолдады. «Қолдаймын» деп 7 954 667 адам (87,15 %) дауыс берсе, 898 099 азамат өзгерістерге қарсы пікір білдірген.
Сонымен қатар 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылды. Тағы 127 868 бюллетень жарамды болғанымен, есепке алынбайтын санатқа жатқызылған.
Осылайша, дауыс беруге қатысқан азаматтар саны жартысынан асқандықтан, референдум өтті деп танылды.

