Қазақстандық танымал файтер Қуат «Найман» Хамитов өз карьерасында алғаш рет ACA (Absolute Championship Akhmat) ұйымында жекпе-жекке шығуға дайындалып жатыр.
Алайда спортшының дебюттік айқасы алдында күтпеген жағдай болды. Ол салмақ өлшеу рәсімінде қажетті лимиттен асып кетті.
Ресми дерекке сәйкес, Хамитовтың салмағы 78,2 келі болып тіркелген. Бұл орта салмақ санатындағы (77,1 кг) рұқсат етілген шектен 100 грамм артық.
SPORT+ арнасының мәліметінше соған қарамастан турнир ұйымдастырушылары жекпе-жектің күшінде қалатынын мәлімдеді. Қарсыласы – ресейлік спортшы Анатолий Бойко, ол салмақ лимитін сәтті орындаған.
«Қуат Хамитовтың жекпе-жегі 23 қазанда Дубайда өтетін ACA 194 турнирінде жоспарланған. Бұл – «Найманның» халықаралық деңгейдегі кезекті ірі ұйымдағы алғашқы айқасы болмақ», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, Қуат Хамитов соңғы жылдары спортпен ғана емес, қоғамдағы өткір мәселелерге байланысты ашық мәлімдемелерімен де танылып жүр. Бұған дейін ол қазақстандық футбол мен спорт жүйесіне қатысты сын пікір айтқан болатын. Енді жанкүйерлер Хамитовтың ACA аренасындағы алғашқы өнерін асыға күтіп отыр.