Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары Ұлытау облысының Қызылжар ауылы маңында табылған ер адамды шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізді.
Дереккөзге сүйенсек, бақташы мотоциклге мініп, мал жаюға кеткен. Бірақ, үйіне оралмаған. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, дәрігерлер ер адамды ауруханаға жіберген.
«Ауыл тұрғындары оны Қызылжар ауылынан 105 шақырым жерде тапты. Оқиға орнына келген құтқарушылар тікұшақ шақырып, оны Жезқазғанға жеткізді», — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Оның қалай жараланғаны және денсаулығына байланысты өзге ақпарат айтылмаған.

