Қостанай қаласының прокуратурасы «АБЗ плюс» ЖШС жалға алған, кадастрлық құны 1,2 млрд теңге болатын 57 гектарға жуық жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды.
Аталған жер учаскесі коммерциялық аймақ объектілеріне қызмет көрсету үшін берілген болатын. Алайда жүргізілген талдау барысында жерді беру кезінде өрескел заң бұзылғаны анықталған екен.
«Прокуратура жер учаскесінің міндетті аукцион өткізбестен берілгенін, сондай-ақ санитарлық-қорғау нормаларының бұзылғанын анықтады. Бұдан бөлек, жердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды», — деп хабарлайды құзырлы органның баспасөз қызметі.
Осылайша, прокуратура сот арқылы қаланың ішіндегі үлкен жерді мемлекет меншігіне қайтарып берді.

 
