STEPPENEWS.KZ: АҚШ-тың федералды сотында Қазақстанның екі азаматына қатысты медициналық сақтандыру саласындағы ірі көлемдегі алаяқтық бойынша айып тағылып жатыр.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, олар Medicare мемлекеттік бағдарламасынан жалпы сомасы 1,6 миллиард долларға жуық қаражатты заңсыз иемденбек болған. Күдіктілер науқастарға іс жүзінде жеткізілмеген медициналық жабдықтар үшін жалған шоттар толтыру арқылы қаржылық жымқыру схемасын ұйымдастырды деп есептеледі.

Атап айтқанда, Әнуар Әбдрахманов 666 миллион долларға жуық, ал Тайыр Смағұл 953 миллион доллар көлемінде фиктивті өтінімдер берген. Жүйеге түскен мыңдаған шағымдар мен дәрігерлердің жоққа шығаруы бұл істің бетін ашуға негіз болды. Қазіргі уақытта екі іс те федералды сотта қаралуда және айыптары дәлелденсе, күдіктілерді АҚШ заңнамасы бойынша өте ауыр жаза күтіп тұр.

