«ҚазАвтоЖол» ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысындағы тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-ақ 3 қараша күні түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі мүмкін. Сонымен қатар, Орал қаласында бүгін түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Осы ретте акционерлік қоғам жол жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауға шақырды.
Айта кетсек, осыған дейін «ҚазАвтоЖол» Абай облысының жүргізушілеріне де ескерту жасаған болатын.

