Синоптиктердің мәліметінше, 17 қазан күні еліміздің бес қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күтіледі.
Бұл құбылыс белгілі бір метеорологиялық жағдайлардың тоғысуымен байланысты: мұндай кезде ауадағы зиянды қоспалар жер бетіне жақын қабатта шоғырланып, таралмай қалады.
«2025 жылдың 17 қазанында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында болжанып отыр», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) дегеніміз не және ол несімен қауіпті?
- ауа қозғалысының бәсеңдеуі (штиль),
- әлсіз жел,
- тұман,
- температуралық инверсия.
Осындай кезде ауадағы ластаушы заттар таралмай, атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады, нәтижесінде ауаның сапасы уақытша төмендейді. Әсіресе бұл жағдай өнеркәсіптік аймақтарда және тығыз қоныстанған аудандарда айқын сезіледі.