STEPPENEWS.KZ: Үкімет отырысында вице-министр Ростислав Коняшкин халыққа қызмет көрсету орталықтарында келушілер санының артқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, демалыс күндерінен кейінгі дәстүрлі қарбаласқа қоса, автокөлікке «әдемі» нөмір таңдау қызметінің іске қосылуы азаматтар легін көбейткен.
Сондай-ақ вице-министр жүктемені азайту үшін операторлар саны арттырылып, жұмыс барысы қайта ұйымдастырылғанын айтты. Осыған байланысты айтарлықтай қиындықтар туындамаған.
Ал осы аптада автонөмірді таңдау қызметі eGov mobile қосымшасы арқылы онлайн форматта да қолжетімді болады.

