Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан алтын медаль жеңіп алды, ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Финалда отандастарымыз Таиланд командасынан басым түсті.
«Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш шешуші кездесуде 2:0 (21:15, 23:21) есебімен жеңіске жетті», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлде иеленген болатын. Үшінші орын үшін өткен матчта Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет Малайзия құрамасына қарсы ойнады. Қазақстандықтар қарсыластарын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен жеңді.
