STEPPENEWS.KZ: Қазақстандық студенттер АҚШ-қа оқуға бұрынғыдай жиі бармай жатыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, негізгі себеп – визалық саясаттың қатаюы. Әсіресе бұл жағдай «Болашақ» бағдарламасында анық байқалады. Байқаудан өтіп, университеттерден шақырту алған қатысушылардың шамамен 30 пайызы АҚШ визасын ала алмай отыр.
Осыған байланысты студенттерді басқа елдерге немесе өзге университеттерге бағыттауға тура келеді.
Сонымен қатар министр кері үрдіс те бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанға келетін шетелдік студенттердің саны артып жатыр. Әсіресе Таяу Шығыс елдерінен келушілер көбейген. Кейбір шетелдік университеттер мен білім беру бағдарламалары оқытуды Қазақстанға көшіруде.
Өткен оқу жылында елде 35 мыңнан астам шетелдік студент білім алған. Биыл олардың саны бұдан да көп болады деп күтілуде.

