Вьетнамның Хайфон қаласында академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Аталған додада Қазақстан құрамасы 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
W8+ қашықтықта күміс медаль иегерлері: Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Анастасия Кулинич, Мелани Жакупова, Екатерина Носкова, Тамара Первушкина, Валентина Волкодавова, Мария Лебедева.
Сондай-ақ Мария Чернец, Екатерина Носкова, Роза Кеңес, Ирина Чудина екінші орын алды (Lw4x).
Жарысты қола жүлдемен аяқтаған спортшылар: Мария Чернец (Lw1x), Артем Матусевич (Lm1x), Владислав Яковлев пен Иван Чернухин (M2х).
Айта кетері, құрлық біріншілігіне 18 елден 232 спортшы қатысты.