Қазақстанда биыл 2 мыңнан астам азамат өз ұлтын өзгерту туралы шешім қабылдаған.
ІІМ-нің деректеріне сүйенген DataHub телеграм арнасы қаңтар — қыркүйек айларындағы статистикалық деректерді жариялады.
Паспорт пен жеке куәлігіндегі ұлт атауын өзгертуге 2272 өтініш рәсімделген. Әрбір өтініш әдетте бір адамға тиесілі болғандықтан, бұл көрсеткіш нақты азаматтар санын білдіреді.
Есепке сәйкес, жыл басынан бері апта сайын орта есеппен 58 қазақстандық ұлтын өзгертуге шешім қабылдаған. Оның ішінде ең көп өтініш Алматы қаласында тіркелген. Мұнда әр 10 мың тұрғынға шаққанда 2,5 өтініштен, ал Астанада 2 өтініштен келеді.

