STEPPENEWS.KZ: Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратурамен және «TELE2» операторының киберқауіпсіздік мамандарымен бірлесіп, қылмыстық топтың жолын кесті.
Арнайы құрылғы 300 метр радиусқа дейін күшті сигнал таратып, соның салдарынан маңайдағы телефондар оған автоматты түрде қосылып, қорғанысы төмен желіге өткен. Бұл қаскөйлерге операторлардың қорғаныс жүйесін айналып өтіп, сағатына 100 мыңға дейін хабарлама таратуға мүмкіндік берген.
Агенттіктің мәлімдеуінше, бұл ТМД елдері аумағында мұндай схеманың жолы кесілген алғашқы жағдай.
Жабдық көлік ішіне орнатылып, қозғалыс кезінде, негізінен адамдар көп жиналатын жерлерде — базарлар мен сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында қолданылған.
Хабарламалар «Beeline» және «Halykbank» атынан бонустарды айырбастау туралы ұсыныспен жіберіліп отырған. Сілтеме арқылы өткенде пайдаланушының жеке деректерін сұрайтын фишингтік сайттар ашылған.
Қылмыстық топ схеманы іске асырудың алғашқы кезеңінде ұсталды. Төрт күдікті қамауға алынды.
Тергеу амалдары жалғасуда.

