Қазақстанда жарты жыл бойы үздіксіз қымбаттап келген сиыр еті алғаш рет тұрақтады. 7-14 қазан аралығында жауырын-кеуде бөлігінің бағасы өзгеріссіз қалған. Бұған дейін бұл өнім 23 апта қатарынан қымбаттап келген.
Ұлттық статистика бюросының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша мәліметіне сүйенсек, көрсетілген кезеңде «жауырын-кеуде бөлігіне баға республика бойынша өзгерген жоқ». Бұған дейін мұндай жағдай тек бір рет – қаңтар айында болған, ал мамырда басталған қымбаттау қазан айының ортасына дейін жалғасқан.
«Жыл басынан бері сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігі 25 пайыздан астамға қымбаттады. Бағаның өсу қарқынын түсіндіру кезінде ведомство өкілдері «өте белсенді экспортты» жиі атап өткен, ал саланың өзінде жүйелі проблемалар бар екені айтылған», – делінген хабарламада.
Бағаның көтерілуі аясында Сауда министрлігі қыркүйек айының соңында «сиыр етіне қатысты мәселелер бойынша» жедел желі ашып, фермерлерден тікелей төмен бағамен ет сатылатын ауылшаруашылық жәрмеңкелерін жиі өткізе бастады.