STEPPENEWS.KZ: Сенат отырысында депутат Геннадий Шиповских әлеуметтік желілерде есірткі, онлайн-казино және жалған тауарларға қатысты жарнаманың жиі таралатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай контентті блогерлер, спортшылар мен танымал тұлғалар насихаттап жүр.
Депутат мұндай жарнамалардың салдарынан адамдар қаржылай шығынға ұшырап, денсаулығына зиян келтіретінін атап өтті. Әсіресе медициналық білімі жоқ адамдар жарнамалайтын дәрі-дәрмектер аса қауіпті екені айтылды.
Осыған байланысты Геннадий Шиповских қауіпті контентті жедел анықтап, өшіруге мүмкіндік беретін автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізуді, сондай-ақ Meta, TikTok және басқа да платформалармен бірлесе отырып, тыйым салынған жарнамаларды бұғаттау жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

