STEPPENEWS.KZ: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 5 қаңтардан бастап санитариялық талаптар мен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сай келмейтін қара шайдың бірқатар түрін елге әкелуге және саудаға шығаруға уақытша тыйым салынды.
Тексеру барысында санитар дәрігерлер өнім құрамынан тағамға қолдануға рұқсат етілмеген бояғыштарды анықтаған. Атап айтқанда, E110 (сары «күн батысы»), E102 (тартразин) және E124 (понсо 4R) қоспалары табылған. Сонымен қатар, кейбір өнімдердің қаптамасында өндірілген және қапталған мекенжайлар шындыққа сәйкес келмейтіні белгілі болды.
Тыйым салынған өнімдер қатарында:
•«Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat Golg», «БАЛҚИЯ Premium Gold» («Orda Trade Astana» ЖШС);
•«Sultan Suleyman», «Pakistan tea» («Real Trade Astana» ЖШС);
•«БАЛҚИЯ Premium gold» («Аль-Хадия» ЖК);
•«Aje Onim» («Орда Чай» ЖК, «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша);
•«Al-Hayat Golg» («Empire KENIY E.P.Z. Limited»);
•«Al-Jannat Premium» («Ferdaus» ЖК);
•«Alfarah» (өндіруші көрсетілмеген).
Аталған шектеу шаралары анықталған заңбұзушылықтар толық жойылғанға дейін күшінде болады.

