STEPPENEWS.KZ: 31 наурыз күні сағат 11:11-де ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта орналасқан. Ошақ тереңдігі – 10 шақырым.
Есептік қарқындылығы Жетісу облысында 2 баллға дейін жетті. Дүмпулер Жаркент, Текелі қалаларында және Жансүгіров ауылында сезілген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Сондай-ақ 112 нөміріне тұрғындардан ешқандай хабарлама тіркелмеген

