STEPPENEWS.KZ: Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов брифинг барысында 2024 жылғы су тасқынының салдарын азайту мақсатында жергілікті және орталық атқарушы органдар бірлесіп жұмыс атқарғанын мәлімдеді. Әр өңір бойынша жыл сайын тиісті іс-шаралар жоспары жүзеге асырылады.
2025 жылы өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізіліп, гидротехникалық нысандар жөнделді, бөгеттер нығайтылып, лимандық суару алқаптары қалпына келтірілді.
Ал 2026 жылғы ақпан айында министрлік барлық өзендер бойынша болжам әзірлейді. Су тасқыны қаупі анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендерді су басудың алдын алу шаралары қабылданады.

