Қазақстанда «Басшылық қызметтегі және мемлекеттік қызметтегі» санаты бойынша жұмыс істейтін әйелдер ерлерден орта есеппен 35,4% аз жалақы алады. Ал, батыс өңірлерде осы лауазымдағы ерлермен салыстырғанда әйелдерге екі есе аз еңбекақы төленеді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Атырау облысында мемлекеттік қызметтегі ерлер әйелдерден 83,4%, Маңғыстау облысында 81% артық жалақы алады.
Бұл теңсіздік Ақмола облысында 54,4%, Ақтөбе облысында 53,0%, ал Шығыс Қазақстанда 52,7% құрайды.
Мемлекеттік қызметтегі ерлер мен әйелдер тең жалақы алатын өңірлер қатарына Жетісу (6,4%) және Түркістан облыстары (11,2%) жатады.
Өңірлер арасында да алшақтық бар
Бұл алшақтық өңірлер арасында да байқалады. Мысалы, Атырау облысындағы ер басшылар 1,4 млн теңге, Алматыдағы осындай лауазымдағы ер адамдар 1,2 млн теңге алса, СҚО-да сондай лауазым атқаратын шенеуніктің орташа жалақысы 292 мың, Жетісу облысында 300 мың теңге.