Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі басталғанын айтып, дабыл қақты: енді қаржы министрлігінің қызметкері ретінде қоңырау шалатын алаяқтар декларация тапсыратын уақыт өтіп кеткенін айтып, азаматтарды қыспаққа алады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Қоңырау шалған алаяқтар «декларация тапсыратын уақыт өтіп кетті» дейді. Сондықтан, шоттарыңыздың бұғатталатын айтып, қорқытады. Бірақ, бұл мәселені үш күнде шешуге болатынын айтып, ұялы телефонға келген смс-кодты сұрайды». Сол кодты айтсаңыз, сіздің банк шоттарыңызға қол жеткізген олар ақшаңызды шешім алады», — деп ескертеді ІІМ.
Айта кетейік, мемлекеттік мекемелердің өкілдері ешқашан код талап етпейді және мәселені шешуде көмектесеміз деп айтпайды.
