— Қылмыстық заңнаманың қатаңдығына қарамастан, браконьерлік әрекеттер әлі де бар. Соңғы екі жылда қылмыскерлерден 17 мыңнан астам ақбөкен мүйізі мен 500-ден астам киік тәркіленді, — деді Н. Шәрбиев.
Оның айтуынша, Қазақстанда киік саны 2003 жылғы 21 мыңнан 2025 жылы 5 млн-ға дейін жетті. Жалпы, бүгінде жер бетіндегі киік популяциясының 99 пайызы Қазақстанда аумағында жайылып жүр.
Айта кетейік, елімізде киік мүйізін заңды түрде экспорттауға рұқсат берілуі мүмкін.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде қар барысының саны артып келеді.
Сонымен қатар, Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар тізіміне тағы 11 түрі енгізілмек.

