STEPPENEWS.KZ: Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын ресми түрде жариялады. Құжат бірнеше ай бойы азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары ескеріле отырып, сондай-ақ ашық қоғамдық талқылаулар аясында әзірленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық соты хабарлады.
Жаңа Конституцияның жобасы мемлекеттік органдардың ресми порталында жарияланып, көпшілік назарына және қоғамдық талқылауға ұсынылды. Құжатта елдің негізгі заңына енгізілуі мүмкін өзгерістер мен жаңа нормалар қамтылған.
Жобаның толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1152063?lang=kk

