STEPPENEWS.KZ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Президенті Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сикпен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық жобаларды талқылады. Кездесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстар белең алған тұста Қазақстан мұнайын Оңтүстік Кореяға тасымалдау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Reuters агенттігі бұған дейін хабарлағандай, тараптар халықаралық нарықтағы тұрақсыздық жағдайында энергия ресурстарын жеткізудің баламалы жолдарын қарастырған. Энергетикалық жобалардан бөлек, Кан Хун Сик Қазақстан Президентін биыл күзде Сеулде өтетін «Корея Республикасы — Орталық Азия» саммитіне қатысуға шақырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шақыртуды қабылдап, күзде Сеулге баратынын растады. Бұл сапар екіжақты экономикалық байланыстарды, соның ішінде мұнай-газ секторындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп күтілуде.

