— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біраздан бері осы съезге ерекше мән беріп отырғанын білеміз. Сондықтан дін және рухани мәселелерін талқылауға жастар да жұмылдырылып отыр, себебі баршамыздың болашағымызға тікелей байланысты. Атап айтқанда, Қазақстанның өзінің бастамасы арқылы рухани мәселелерге үстіртін қарамауға шақырып отыр. Бұл тұрғыда қазіргі заманғы жағдайларға ерекше назар аударылып отыр. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясында барлық ел қамтылып отыр. Сондай-ақ Қазақстан тағы да дін қайраткерлеріне бұл саладағы проблемаларды емін-еркін талқылауға өзінің алаңын ұсынып, жағдай жасады, — деді А. Ниязов.
Оның айтуынша, бүгін съездің пленарлық отырысында Газадағы жағдайға қатысты көп ұсыныс жарияланды.
▶» allow=»accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture» allowfullscreen=»allowfullscreen»>— Этносаралық, дінаралық және ұлтаралық өзара сыйластық саясатын жүргізіп отырған мемлекет ретінде Қазақстанды үлгі тұтамыз. Осы орайда бүгінгі съез аясында жақсы мағлұматтар алдық. Қазақстан Президенті пленарлық отырыс барысында да бастамаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеткізді. Бұл тұрғыда Қазақстан өзінің тәжірибесінде барша әлемге бейбітшілікте, өзара түсіністік пен сыйластықта өмір сүрудің бағыт-бағдарын айқын көрсетті, — деді Еуропа мұсылмандары форумының президенті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII Съезінің жұмысы басталды.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуал аса күрделі екенін айтып, әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне келген меймандарды ашық пікір алмасуға шақырды.

