STEPPENEWS.KZ: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мысырға сапар шегуге қатысты бұрынғы шектеулерді алып тастады. Бұл шешім елдегі қазіргі жағдай мен туристік инфрақұрылымның жұмысын ескере отырып қабылданды.
СІМ мәліметінше, Мысыр енді баруға кеңес берілмейтін елдер тізіміне кірмейді. Дегенмен, Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекеттерге, атап айтқанда Израиль, Иран, БАӘ, Катар және басқа да елдерге барудан әзірге бас тарта тұру туралы ұсыныстар күшінде қалады.
Ведомство өкілдері аталған аймақта жүрген Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, жергілікті биліктің нұсқауларын орындауға кеңес береді.

